Қостанайда inDrive жүргізушісі жолаушы қызға есірткі ұсынған (ФОТО)

12.07.2025, 12:32
1044
Қостанайда inDrive жүргізушісі жолаушы қызға есірткі ұсынған (ФОТО) Fotolia / terex

Жүргізуші басқа жаққа бұрылып, есіктерді кілтеп тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда inDrive такси қызметінің жүргізушісі жолаушы қызды күмәнді жерге апарып, марихуана шегуді ұсынған. Бұл туралы жәбірленуші қыздың өзі мәлімдеді.

Оның айтуынша, жүргізуші маршруттан ауытқып, көлікті жекеменшік секторға бұрып, жарықты өшіріп, есіктерді іштен жауып тастаған. Кейін ол қыздан есірткі туралы сұрап, қолына түтіндеткіш құрылғы мен марихуана салынған құтыны алған.

Қыз көліктен шығуға әрекеттенгенімен, есіктер ашылмаған. Сол сәтте анасы қоңырау шалып, айқайлағаннан кейін ғана жүргізуші қорқып, қызды межелі жерге жеткізген.

– Анам қоңырау шалып, айқайлай бастағанда ғана ол райынан қайтып, мені бастапқы бағытқа жеткізді. Кейін 102-ге хабарласып, жүргізушіні тексеруді сұрадық, – дейді жолаушы.

inDrive түсініктеме берді

inDrive компаниясы бұл оқиға туралы хабардар екенін және жәбірленушімен байланысқа шыққанын мәлімдеді.

«Жағдайдың жай-жапсарын білу үшін қызбен байланысқа шықтық. Оның жағдайын сұрап, барлық мәліметті нақтыладық. Бұл оқиға біздің ішкі ережелерге мүлдем сәйкес келмейді. Жүргізуші сервис ережесін бұзғаны үшін жүйеден біржола шығарылды», – деп хабарлады компания.

Сондай-ақ, компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасуға және қажетті ақпаратты беруге дайын екенін жеткізді.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды