Бокстан ӘЧ: Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Надежда Рябец қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Бұдан бұрын жасөспірімдер арасында дүниежүзілік додада топ жарған Надежда Рябец 66 келіге дейінгі салмақта 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қытайлық Ян Люмен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта төрешілер қазақстандық боксшыға басымдық бергенімен, екінші кезеңде керісінше болды. Қорытынды есеп – 4:1, қытайлықтың пайдасында.
Осылайша, Н.Рябец чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.