«Журналистер мен белсенділер»: Ресейде елді сатқан «иноагенттердің» қатары көбейді

12.07.2025, 15:07
814
«Журналистер мен белсенділер»: Ресейде елді сатқан «иноагенттердің» қатары көбейді DW

Соңғы уақыттарда белсенділігімен көзге түскендер шетелдік агент ретінде тізімге енді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Федерациясының Әділет министрлігі елдегі «шетелдік агенттер» реестрін қайта толықтырды. Тізімге журналистер, блогер, белсенділер мен оппозициялық саясаткерлер кірді.

Жаңа енгізілген тұлғалар мен ұйымдар:

Украиналық «Наш выход» қоғамдық қозғалысы;

Саясаткер Павел Елизаров;

Блогер Николай Росов;

Журналистер Валерий Поташов пен Дарья Литвишко;

«Еркін Якутия» қорының теңқұрушысы Раиса Зубарева.

«Наш выход» қозғалысы Ресей-Украина соғысы кезінде жоғалған немесе тұтқынға түскен ресейлік әскерилерді іздеумен айналысады. Ал блогер Николай Росов – Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің тарих факультетінің түлегі, ол тарихи тақырыптарда стримдер өткізеді.

Раиса Зубарева жетекшілік ететін «Еркін Якутия» қоры Якутияның тәуелсіздігін қолдайды. Бұл ұйым 2023 жылы да "иноагенттер" қатарына қосылған болатын.

Карелиялық журналист Валерий Поташов – 2022 жылдан бастап «Новая газета» басылымының тұрақты авторы. Бірнеше күн бұрын Ресейдің ФСБ қызметкерлері оның үйі мен саяжайында тінту жүргізді. Бұл әрекеттер «Револьт-Центр» ісі аясында болған.

Павел Елизаров – кезінде Ресейдің бұрынғы вице-премьері әрі оппозиционер Борис Немцовпен бірге жұмыс істеген. Ал Дарья Литвишко – RZVRT YouTube-арнасының жүргізушісі.

Ресей Әділет министрлігінің мәліметінше, аталған тұлғалар:

Биліктің шешімдері мен саясаты туралы жалған ақпарат таратқан;

Шетелдік ұйымдармен байланыста болған;

Бұған дейін «иноагент» деп танылған адамдардың материалдарын таратқан;

«Арнайы әскери операцияға» қарсы көзқарасын ашық білдірген.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр