Дағыстанда халық жаппай судан уланып жатыр

Аиса Махамбет Редактор
12.07.2025, 16:16
1057
Дағыстанда халық жаппай судан уланып жатыр Иван МАКЕЕВ / KP.RU

Судың құрамындағы белгісіз заттан уланғандардың көбі балалар боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дағыстанның Магарамкент ауданында су құбырынан ішкен жүздеген тұрғын ішек инфекциясынан жапа шегіп жатыр. 11 шілдедегі дерекке сүйенсек, 372 адам дәрігерлерге қаралған, олардың 91-і ауруханаға жатқызылған, көбі – балалар.

Ауру белгілері алғаш рет 7 шілдеде байқала бастаған. Жұқпалы дерттің негізгі себебі – ауызсу құбырындағы бактериялық ластану. Инфекция Магарамкент, Куйсун, Гиляр, Гапцах және Верхний Тагиркентауылдарының тұрғындары арасында тараған. Науқастарда гастроэнтерит (асқазан мен ішек қабынуы) диагнозы қойылған.

Дағыстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрігерлер үйлерді аралап, науқастарды анықтауда. Қазірдің өзінде 10 мыңнан астам тұрғын қамтылған. Сонымен қатар, гепатит А жұғу қаупіне байланысты вакцинация жүргізіліп жатыр.

Ал аймақтың ішкі істер органдары Каспийск пен Избербаш тұрғындарын қайнатылмаған суды ішпеуге шақырды. Себебі осы аймақтарға су Октябрь революциясы каналы (КОР) арқылы беріледі. Қазір каналда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ тұрғындардың айтуынша, жұмыс басталмаған, алаңда жұмысшылар жоқ.

Дағыстан ІІМ өкілі Гаяна Гариева да әлеуметтік желіде ескерту жасады:

«Краннан қайнатылмаған су ішпеңіздер! Бұл сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін!», – деп жазды ол.

Қазіргі таңда бұл жағдайға байланысты РФ Қылмыстық кодексінің 238-бабы бойынша («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету») қылмыстық іс қозғалды, коммуналдық қызметтердің заңға сәйкестігі тексерілуде.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды