SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеуден жалтарған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады.
Үржар ауданының тұрғыны мемлекет пайдасына өндірілетін соманы төлеуден жалтару үшін үйі мен ауыл шаруашылығы техникаларын басқа тұлғаларға өткізіп жіберген. Мәміле жалған сот актілері арқылыжасалған және бұл жайында сот орындаушылары хабарсыз болған.
«12,5 миллион теңгеге бағаланған мүлік сатылып, түскен қаржыны азаматша жеке қажетіне жұмсаған, яғни мәжбүрлеп өндіру тәртібін айналып өткен», – делінген прокуратура таратқан мәліметте.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 430-бабы 3-бөлігі бойынша (сот үкімін, шешімін немесе өзге де актісін орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
RUS