Алакөл жағалауындағы кемшіліктер анықталып, нақты тапсырмалар берілді

13.07.2025, 17:10
570
Алакөл жағалауындағы кемшіліктер анықталып, нақты тапсырмалар берілді Туризм және спорт министрлігі

Тексеру барысында бірқатар жүйелі мәселе анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Үкімет делегациясы құрамында Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курортты өңіріне барды. 

Жұмыс сапарының мақсаты – инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі мен демалыс жағдайын бағалау, сондай-ақ туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Көлдің екі жағалауына да тексеріс жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдар және бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

Тексеру барысында бірқатар жүйелі мәселе анықталды. Атап айтқанда, кейбір жағажайларда санитариялық-гигиеналық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері, арнайы белгілер мен қоршаулар жоқ; су көліктеріне бақылау жеткіліксіз; құтқару мұнаралары мен ақпараттық құралдар тапшы. Қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар сақталмай отыр.

– Туристік қызметтердің сапасын арттыру – саланы дамытудың басты міндеттерінің бірі. Туристер ағынының артуына қарамастан, бірқатар курортты өңірде қызмет көрсету деңгейі заман талаптарына сай келмейді. Министрлік «Туристік қызмет туралы» заңға міндетті стандарттар енгізу, өкілеттіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған түзетулер әзірлеуде. Бұл қауіпсіздік, жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызметті жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – отандық туристердің демалысын сапалы әрі қауіпсіз ету, – деді Ербол Мырзабосынов.

Тексеру нәтижесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді:

Жағажай аумағындағы санитариялық жабдықтауды күшейту;
Қосымша қоқыс контейнерлерін сатып алу;
Қауіпсіз шомылу аймақтарын нақты белгілеп, арнайы белгілер желісін ұзарту;
Киім ауыстыратын орындар, душ кабиналары және басқа да абаттандыру элементтерін орнату мүмкіндігін қарастыру;
Белсенді демалыс аймақтарын ұйымдастырып, көлеңке тенттер орнату;
Құтқару мұнаралары мен суға қауіпсіз кіруге арналған баспалдақтар санын көбейту;
Жағажай аумағына ақпараттық стендтер мен сызбалы карталар орнату.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға нақты мерзім белгіленді. Министрлік бұл тапсырмалардың орындалуын қайта тексеруді жоспарлап отыр. Туристік демалыстың сапасы мен қауіпсіздігі — Үкімет пен Министрліктің ұдайы бақылауында.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды