Үш жылда 1,7 млн отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады

14.07.2025, 16:59
454
Үш жылда 1,7 млн отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды.

Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған — Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді.

Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу — Бозой — Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы — ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды.

Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы — саладағы маңызды жетістіктің бірі.

Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Орта Азия — Орталық магистралды газ құбырында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде айтты. Аталған жоба өңірлік энергетика саласындағы маңызды буын ретінде еліміздің рөлін арттыра түседі.

Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын дамытуға қатысты тапсырмасын орындау аясында бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Олардың қатарында «Аққұдық» және «Северный-2» учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ CNPC компаниясымен бірлесе «Северный-1» учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім бар.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады