452

Белгілі әртіс Санжар Мәди 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды.

Белгілі әртіс Санжар Мәди 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді
әлеуметтік желі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, белгілі әртіс Санжар Мәди Қаскелең қаласында ашылатын Нью-Йорк киноакадемиясының жаңа филиалында білім алатын 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді.

Мемлекет басшысы министрлікке Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын дамыту және білім алуға ұмтылған жастар үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда.

Осы міндет аясында белгілі актер, продюсер Санжар Мәди мырзамен кездестім. Студенттер мен жас дарындарды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны талқыладық.

- Санжар Мәди Қаскелең қаласында ашылатын Нью-Йорк киноакадемиясының жаңа филиалында білім алатын 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді. Бұл –  білім мен адами капиталды дамытуға жасалған инвестицияның жарқын үлгісі.  Аталған игі бастама үшін министрлік атынан алғыс білдірдім. Расында, бұл ізгі іс –  жай ғана демеушілік емес, бұл –  ел болашағына құйған инвестиция, –  деп жазды министр Саясат Нұрбек.