SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 тамыздан бастап АҚШ Еуроодақтан келетін тауарларға 30% кедендік баж салығын енгізуге дайын екенін мәлімдеді.
Бұған жауап ретінде Еуропалық одақ 72 миллиард еуроға дейінгі көлемдегі американдық тауарларға қарсы шара қолдануға әзір екенін хабарлады.
Бұл мәселе Брюссельде өткен ЕО-ға мүше 27 елдің сауда министрлерінің кездесуінде талқыланды. Еурокомиссия сауда бойынша қарсы іс-қимыл жоспарын министрлерге ұсынып, келіссөздерге басымдық беретінін айтқанымен, қажетті жағдайда "барлық мүмкін құралдарды қолдануға дайын" екенін жеткізді.
Францияның сыртқы сауда жөніндегі министрі Лоран Сен-Мартеннің айтуынша, Еуроодақ ешқандай шектеусіз әрекет етуге дайын болуы тиіс, әйтпесе күштер теңсіздігі пайда болуы мүмкін.
«Егер біз қарсы шаралар қабылдауға дайын болмасақ, онда тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан біз нақты жауаптар дайындап, қажет болса, оларды іске асыруға дайын болуымыз керек», – деді министр.
ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Марош Шефчовичтің мәлімдеуінше, 72 млрд еуро тұратын АҚШ тауарларының тізімі жасалды. Бұл тізімге Bourbon вискиі мен ұшақтардан бастап түрлі өндірістік өнімдеренген. Құжат ЕО елдерімен және ірі өнеркәсіп компанияларымен келісе отырып әзірленген. Енді тізімді ресми түрде ЕО мүшелері бекітуі тиіс.
Алайда, Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен переговор арқылы мәселені шешуге мүмкіндік бар екенін айтып, қарсы шараларды әзірге іске қосуға асықпайтынын жеткізді.
Еуропалық кеңестің аға сарапшысы Тобиас Гёрке:
«Біз нақты әрекет жоспарын көрсетуіміз керек. Қазірге дейін тым жалпылама айтылып келді. Енді нақты қадамдарға көшуіміз қажет. Бұл нарықты ғана емес, АҚШ президентін де ойландыруы мүмкін», – деді.
Келіссөздерге үміт артып отырған Брюссель барлық сценарийге дайын екенін мәлімдеді. Егер келісімге келе алмаса, сауда соғысы өрши түсуі мүмкін.
RUS