«Әбу-Дәбиге бірге бардық»: «Асар-Уме» қоры Перизат Қайраттың қорына 200 млн теңге аударғаны белгілі болды

15.07.2025, 12:53
977
«Әбу-Дәбиге бірге бардық»: «Асар-Уме» қоры Перизат Қайраттың қорына 200 млн теңге аударғаны белгілі болды SMARTNEWS.KZ коллажы

Газа халқына көмектесемін деген сөзіне сендім, құжаттарын тексермедім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өтіп жатқан атышулы Перизат Қайратқа қатысты басты сот процесінде оның Газа халқына гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты эпизоды қаралды. Бұл іс бойынша «Асар-Уме» қоры зардап шеккен тарап ретінде танылып отыр.

Сотта сөз алған қор президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайраттың жетекшілігіндегі «BizBirgemiz Kazakhstan 2030» қорына 200 млн теңге көлемінде аударым жасалғанын растады. Оның айтуынша, 2023 жылдың қарашасында Таяу Шығыстағы қақтығыстар ушығып, желіде Перизаттың Палестина елшілігімен және Әбу-Дәбидегі халықаралық гуманитарлық хабпен жұмыс істейтіні туралы ақпарат тараған соң бұл қадам жасалған.

«Біз Әбу-Дәбиге бірге бардық. Ол жерде қойманы көрсетті, бірақ ол Алматыдағы қойма емес, арнайы рұқсатпен ғана кіретін орын. Бізге бұрын сатып алынған тауарлар барын көрсетті, бірақ ешқандай құжаттық дәлел ұсынған жоқ. Барлығы Перизаттың сөзіне сүйеніп жасалды», – деді Нұрмашев.

Оның айтуынша, бастапқыда 50 млн теңгеден траншпен аудару жоспарланған. Бірақ Перизат Қайрат барлық соманы бірден сұрап, нәтижесінде 200 млн теңге бір жолда аударылған, қалған **93 млн теңге кейін есеп берілген соң жіберіледі деген келісіммен тоқтап қалған.

Нұрмашевтың мәліметінше, бұл ақшалай көмек қазақстандықтар тарапынан жиналған қаржы – бар болғаны 5 күннің ішінде 293 млн теңге жиналған.

Алайда бүгінге дейін бұл қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы ешқандай ресми есеп ұсынылмаған. Соттағы жауап алу кезінде прокурор «Әбу-Дәбидегі қоймада «BizBirgemiz» қорының логотипі бар тауарларды көрдіңіз бе?» деген сұрақ қойды. Куәгер: «Жоқ, көрмедім», – деп жауап берді.

Сонымен қатар, сапар барысында Перизаттан басқа қор өкілдері болмағанын да айтты.

«Ол бізге бір әйелге пәтер сыйлағанын айтты. Кейін сол пәтердің өмірде жоқ екені анықталды», – деді соттағы тағы бір куәгер Мөлдір Сүйіншіәлі. Ол Перизат ұйымдастырған аукционда Головкиннің қолғабын 10 миллион теңгеге сатып алып, ДЦП-мен ауыратын балаларға арналған орталық құрылысына үлес қосқанын да атап өтті.

Бұған дейін сотта Перизат Қайрат алаяқтық және қаржы жымқыру баптары бойынша тағылған айыптарды мойындамай, тергеу материалдарын «қиялға негізделген» деп атаған болатын. Сонымен қатар, ол сотта Бауыржан Байбектің есімін атап, қордың барлық құрылтайшыларын тыңдауды талап етті.

Айта кетейік, сот барысында Перизат Қайраттың Кембриджде оқымағаны және жоғары білімі жоқ екені де ресми түрде расталды.

Іс жалғасып жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді