SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Түркістан облысында 9-сынып оқушысы жүкті болып қалды деген ақпарат тарады. Желіде жарияланған мәліметте бұл жағдайға бір 11-сынып оқушысы мен үш ересек адамның қатысы болуы мүмкін делінген. Алайда аталған деректер расталмады. Бұл туралы Otyrar.kz мәлімдеді.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Отырар ауданының кәмелетке толмаған тұрғынына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалғаны туралы ресми арыз түскен. Оқиғаға жәбірленушінің жасөспірім танысы қатысы болуы мүмкін.
«Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, барлық мән-жайлар анықталуда. Құқықтық баға қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін болады», – деді ведомстводан.
Сонымен қатар, бірнеше адамның қатысы бар деген ақпарат, сондай-ақ оқушының жүкті екені туралы мәлімет расталмағаны атап өтілді.
Полиция жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертеді және тұрғындарды тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырады.
RUS