83 миллион теңге жоқ: Блогер Перизат Қайратқа алданғанын мәлімдеді

15.07.2025, 14:14
997
83 миллион теңге жоқ: Блогер Перизат Қайратқа алданғанын мәлімдеді SMARTNEWS.KZ коллажы

Перизат блогерге Палестина елшілігімен тікелей жұмыс істейміз деп сендірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы атышулы қылмыстық іс — Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Оларға тағылған айып: қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені жымқыру.

Кезекті сот отырысында куәгер ретінде танымал блогер Олжас Садық жауап берді. Ол Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету үшін халықтан 83,5 млн теңге жинап, соның бәрін Перизат Қайраттың қоры арқылы жөнелткенін айтты.

Блогердің сөзінше, қаражатты жинау былтырғы қазанның соңында басталған. Ол досы, блогер Назим Мисановпен бірігіп Instagram-да видео жариялап, жұртты көмек көрсетуге үндеген. Видеоны миллиондаған адам көргеннен кейін, Садықтың жеке картасына ірі сома түскен.

Бастапқыда ол бұл қаржыны ЮНИСЕФ арқылы аудармақ болған. Бірақ көп ұзамай Перизат Қайрат байланысқа шығып, гуманитарлық көмек жөніндегі «қызу жұмыс» барысын көрсеткен. Палестина елшілігімен тікелей жұмыс істейміз деген уәжінен кейін Олжас Садық сеніп қалып, ақшаны аударған.

Кейін олар Әбу-Дәбиге бірге барып, гуманитарлық қоймаларға кіріп шыққан. Садықтың айтуынша, барлық шығынды Перизат Қайрат өзі көтерген. Алайда Қазақстанға оралған соң, блогер көмектің қайда кеткенін дәлелдейтін құжаттарды бірнеше рет сұрағанымен, ешқандай жауап ала алмаған.

Блогер сотта «Енді барынша ресми арна — ЮНИСЕФ арқылы жұмысты жалғастырамын» деп мәлімдеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді