«Визаға тосқауыл»: Латвия ескі паспортпен жүрген ресейліктерді елге кіргізу тоқтатты

15.07.2025, 14:44
643
«Визаға тосқауыл»: Латвия ескі паспортпен жүрген ресейліктерді елге кіргізу тоқтатты Getty Images

Енді ресейліктер Латвияға тек биометриялық құжатпен қана кіре алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 15 шілдеден бастап Латвия Ресей азаматтарының небиометриялық шетелдік паспорттарын мойындамайды. Бұл шектеу елге кіру мүмкіндігін шектеп қана қоймай, виза мен тұруға рұқсат алуға да тосқауыл болмақ.

Латвия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, енді Ресей азаматтары Латвия аумағына тек биометриялық паспортпен ғана өте алады. Бұдан бөлек, ескі үлгідегі құжат иелеріне виза берілмейді, тұруға ықтиярхат алуға өтініш те қабылданбайды.

Елде ұзақ мерзімді виза немесе ықтиярхатпен жүрген ресейліктерге биометриялық паспорт рәсімдеуге алты ай уақыт беріледі.

Айта кетейік, мұндай шектеуді бұған дейін Литва да енгізген. 1 маусымнан бастап бұл ел ресейлік ескі паспорттарды жарамсыз деп танып, Калининград арқылы транзитпен өтетіндерден басқасына елге кіруге тыйым салды.

Сонымен қатар, Дания, Чехия, Эстония, Франция және Исландия елдері де ресейліктердің небиометриялық құжаттарын қабылдамайтынын мәлімдеген.

Литва СІМ бұл шешім Еуроодақтағы ортақ ұстаныммен үндесетінін атап өтті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды