Қазақстан медицинасындағы аңыз тұлға – Нина Қаюпова өмірден озды

15.07.2025, 15:05
1259
Қазақстан медицинасындағы аңыз тұлға – Нина Қаюпова өмірден озды Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі

Елдегі гинекологияның негізін қалаушы бақиға аттанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан акушерлік және гинекология саласының іргетасын қалаушылардың бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Нина Әмірқызы Қаюпова 88 жасында дүниеден озды. Бұл туралы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нина Қаюпова 1936 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Ол 60 жылдан астам ғұмырын әйелдер денсаулығын қорғауға арнады. Медицинада еңбек ете жүріп:

30 мыңнан аса сәбидің дүниеге келуіне көмектесті;

25 доктор, 40 ғылым кандидатын дайындады;

19 монография мен 400-ден астам ғылыми мақала жазды.

Ол Қазақ ғылыми-зерттеу акушерлік және гинекология институтында, Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығында жұмыс істеп, 15 жыл бойы КазНМУ-да дәріс оқыды. Соңғы жылдары еліміздің жетекші ғалымы әрі салалық ғылыми журналдың бас редакторы болды.

Нина Әмірқызының бастамасымен экологиялық репродуктология атты жаңа бағыт қалыптасты. Ол БҰҰ секілді беделді халықаралық конференцияларға қатысып, Қазақстан атынан сөз сөйледі. Сонымен қатар, Жоғарғы Кеңес пен Сенат депутаты, әйелдер кеңесінің жетекшісі, акушер-гинекологтар ұлттық қауымдастығының төрайымы болды.

Ерен еңбегі үшін ол "Парасат" орденімен, "Достық" ІІ дәрежелі орденімен, мемлекеттік марапаттармен, Бейбітшілік пен рухани келісім мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.
Алматы қаласының Құрметті азаматы атанған.

Нина Қаюповаға қоштасу рәсімі 16 шілде күні, сағат 10:00-де Алматыдағы Concordia театрында өтеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды