«Итше абалатып қойды»: Тұтығатын балаларды боқтап емдеген әйел қайтадан жұмысқа кіріскен

Азиз Қалижан Редактор
15.07.2025, 15:35
773
«Итше абалатып қойды»: Тұтығатын балаларды боқтап емдеген әйел қайтадан жұмысқа кіріскен бейнежазбадан

Балаларды балағаттап емдеген емші тыйымға құлақ аспай қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда балалардың тұтығуын қорқытып, балағаттап "емдеген" әйел бұрынғыдай қызметін қайта жалғастырғаны белгілі болды. Бұған дейін ол заңмен шектелгеніне қарамастан, антинаучный әрі зиянды емдеу әдістерін қолдануды тоқтатпаған.

Ж.Д. есімді азаматшаның әрекеті былтырдан бері ел назарында. Балалар омбудсменінің бастамасымен логопедтер мен дефектологтардан құралған арнайы топ оның әдістерін зерттеп, ешқандай ғылыми негізі жоқ екенін дәлелдеген. Осыдан соң алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Ж.Д.-ға бала емдеумен айналысуға тыйым салынған.

Бірақ «емші» әйел тыйымға құлақ аспаған. Біраз уақыт өткен соң, ол қайтадан балалармен жұмыс істей бастаған, бұрынғыдай балағат пен қорқыту арқылы «тұтығудан құтқарамын» деп сендірген.

Осыған байланысты 2 маусымда Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға қайтадан шағым түсірді. 25 маусымда Ташкент қаласы Юнусабад ауданының прокуратурасы бұрын тоқтатылған істі қайта ашу туралы шешім қабылдап, материалдар тергеу бөліміне жолданды.

4 шілдеде жаңа қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр. Омбудсмен бұл істі баланың құқығын қорғау тұрғысынан жеке бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды