Ресей мен Иран ядролық қару мәселесі үшін күш біріктірмек
Батысты үрейлендірген екеу ядролық бағдарламаға қатысты дауды дипломатиялық жолмен шешеміз деп отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 15 шілде күні Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы СІМ басшыларының кездесуінде Ресей мен Иран сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздер өткізді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иранның сыртқы саяси ведомствосының өкілі Аббас Аракчи Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты туындаған дағдарысты тек саяси-дипломатиялық тәсілмен шешу қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ресей СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Министрлер халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып, ирандық ядролық дауды бейбіт жолмен шешудің маңызын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы әртүрлі деңгейдегі байланыстар жалғасатын болды.
Материал авторы