SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ақпарат Ақорда сайтында жарияланды.
Заңның толық атауы – «Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне және оны іске асыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Қазіргі таңда бұл өзгерістер қолданыстағы салық кодексіне қатысты. Атап өтерлігі, жаңа Салық кодексінің жобасы бұған дейін қоғам мен сарапшылар тарапынан көп сынға ұшыраған болатын.
Сенат оны Мәжіліске қайта жібергеннен кейін, құжатқа түзетулер енгізіліп, Президентке қол қоюға ұсынылды.
Жаңа редакциядағы негізгі жаңалықтар қатарында:
ҚҚС (НДС) мөлшерлемесін 16 пайызға дейін арттыру,
заңды тұлғалар үшін ҚҚС төлеу шегін өзгерту,
прогрессивті салық жүйесін енгізу,
сондай-ақ «роскошьқа салық» салу көзделген.
Аталған түзетулер халықтың әлеуметтік жағдайына қалай әсер ететіні алдағы уақытта белгілі болмақ.
RUS