842

Газаға шабуылдаған израильдік сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Бұл соңғы бір аптада үшінші жағдай.

Газаға шабуылдаған израильдік сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
Shutterstock/Fotodom

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израильдің Channel 12 телеарнасы Газа секторына шабуыл жасаған әскери қызметкердің өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Трагедия Сирия аумағындағы Голан жоталарында орналасқан әскери базада орын алған.

Қайтыс болған сарбаз Израиль армиясының жаяу әскер бригадасы – «Нахаль» құрамында қызмет еткен.

Бұл — соңғы бір аптада тіркелген үшінші осындай оқиға. Бұған дейін де Газа секторындағы әскери операцияларға қатысқан тағы екі жауынгер өз-өзіне қол жұмсағаны мәлім болған.

Израиль қорғаныс күштері оқиғаға қатысты тергеу басталғанын, оның нәтижесі әскери прокуратураға жолданатынын мәлімдеді.

Материал авторы