SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінде демалып жүрген 21 жастағы шымкенттік боксшы Ибрагим Ирисматов қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, жас спортшы суға шомылып жүрген кезде батып кеткен. Оқиға орнына жақын маңда Қазақстанның 22 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан.
Алайда Шымкент қалалық спорт басқармасы Ирисматовтың ресми жиынға ешқандай қатысы болмағанын мәлімдеді.
«Ибрагим Ирисматов – Шымкенттегі кәсіби бокс клубының тәрбиеленушісі. Алайда ол Ыстықкөлге жеке қаражатымен, тек демалыс мақсатында барған. Ол ұлттық құраманың базасында емес, басқа жерде тұрған», – делінген басқарма таратқан мәліметте.
Қазақстан бокс федерациясы да бұл ақпаратты растады. Федерация мәліметінше, қайғылы оқиға ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынымен байланысты емес. Жас спортшының қайтыс болуы — жеке жағдайда орын алған қайғылы оқиға.
RUS