493

Атырауда аквапаркте балалардың улануы: суда хлор мөлшері көп болған

Атырауда бассейнде хлор көп болып, бірнеше бала уланып қалған.

Атырауда аквапаркте балалардың улануы: суда хлор мөлшері көп болған
канва

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 13 бала уланған “Palma” аквапарктегі су сынамаларының алғашқы нәтижелері шықты.

КТК арнасының мәліметінше, Талдау кезінде судағы хлордың мөлшері шектен тыс жоғары екенін расталды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тоғыз жерден ауа мен су сынамаларын алған.

“Ауадан алынған сынамаларда хлордың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу дерегі анықталған жоқ. Ал судағы хлор мөлшері нормадан жоғары болған. 

Хлордың шектен тыс мөлшері ересектердің де, балаларға арналған бассейнде де тіркелді”, – делінген хабарламада.

Қазір мамандар жағдайды егжей-тегжейлі анықтау үшін микробиологиялық зерттеулер жүргізіп жатыр.