697

"Бір күнде байып кетті": желі қолданушылары Ырысбала Икрамбайды да тексеруді талап етіп жатыр

Бұл пікірге блогер ашуланды.

"Бір күнде байып кетті": желі қолданушылары Ырысбала Икрамбайды да тексеруді талап етіп жатыр
ашық дереккөзден
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ырысбала Үркімбайдың байлығына күдіктенгендер оны да тексеру керек екенін жазуда. Бұл туралы Kyn.kz мәлімдеді.
 
Блогер Ырысбала Икрамбай оқырмандарының сұрағына жауап беру кезінде сынға қалды. 
 
Перизат Қайратқа қатысты даулы мәселеден кейін кейбір желі қолданушылары Ырысбала Икрамбайдан да күдіктене бастаған.
 
"Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр, Дубайдан пәтер алды", – деп жазды бір оқырман.
 
Бұл пікірге блогер ашулана жауап берді.
 
"Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзіңді дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда", – деді Ырысбала өз парақшасында.