523

Парашют ашылмай қалған: Ақтөбедегі әскери институттың курсанты көз жұмды

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Парашют ашылмай қалған: Ақтөбедегі әскери институттың курсанты көз жұмды
canva.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні болды.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген. Сол кезде алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.

- Алдын ала ақпаратқа сәйкес секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға себеп болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі,- деп хабарлады ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.