Бектенов: Қазақстан радиациядан зардап шеккендерге қолдауды күшейтуге ниетті

16.07.2025, 18:29
474
Бектенов: Қазақстан радиациядан зардап шеккендерге қолдауды күшейтуге ниетті Үкімет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Онда сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайы талқыланды.

Қазақстан Жапониямен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Бұл бағытта ел Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген міндеттерді дәйекті түрде жүзеге асыруда.

Кездесу барысында Хирошима префектурасы мен Абай облысы арасындағы байланысты одан әрі нығайту перспективалары қаралды. «Хирошима — Семей» бастамасын жалғастырудың, сондай-ақ Mayors for Peace халықаралық қозғалысы аясында білім алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Тараптар Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) алда өтетін Шолу конференциясы шеңберінде одан арғы өзара іс-қимылға әзір екендіктерін білдірді.

Хирошима префектурасының губернаторы ядролық қаруды таратпау мәселелерінде Жапония мен Қазақстанның ынтымақтастығы аса маңызды екенін атап өтті.

— Біз Қазақстанның халықаралық аренадағы қолдауын жоғары бағалаймыз. Сапарымыздың бір мақсаты — достықты нығайту. Екі елде де ядролық қару салдарынан жиналған мол тәжірибе бар. Біз Хирошималықтар өзімізді маңызды миссиямыз бар жандармыз деп санаймыз, ол — әлемді ядролық қарудан азат ету жолында тынымсыз еңбек ету. Қазақстан — Ядролық қаруды таратпау туралы қозғалыстың Орталық Азиядағы мүшесі, — деді Хидехико Юзаки.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Қазақстан радиациядан зардап шеккендерді медициналық және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ радиациялық медицина саласындағы технологияларды әзірлеу және енгізу сияқты бағыттар бойынша Жапониямен ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылады.

— Біз Жапония Үкіметіне Семейдегі ядролық сынақтар салдарымен күресу үшін өтеусіз грант беру ниетіне алғыс білдіреміз. Бұл бастама медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға орнықты түрде ұзақмерзімді әсер ететініне сенімдіміз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы $1,8 млрд-ты құрады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 60-тан астам жапондық компания табысты жұмыс істеуде. Соңғы 20 жылда жапон бизнесі ҚР экономикасына шамамен $8,3 млрд инвестиция салды. Toyota, Hitachi, Marubeni және басқа да компаниялармен ірі жобалар жүзеге асырылды.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)