Еуропада ресейшіл хакерлер тобының қызметі тоқтатылды

17.07.2025, 09:47
635
Еуропада ресейшіл хакерлер тобының қызметі тоқтатылды EADaily

Кремльге жұмыс істеген кибержасақ әшкере болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуроодақтың құқық қорғау агенттігі – Еуропол ресейшіл NoName057(16) хакерлік тобына қарсы халықаралық операцияның сәтті жүргізілгенін хабарлады. Бұл топ бұған дейін Украина мен оны қолдайтын НАТО елдеріне бағытталған ауқымды DDoS-шабуылдармен айналысқан.

"Eastwood" деп аталған арнайы операция барысында хакерлер қолданған инфрақұрылым бұзылып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі 100-ден аса компьютерлік жүйе істен шығарылды. Топтың негізгі серверлері өшірілген.

Еуропол мәліметінше, шабуылдар Нидерландыдағы НАТО саммитіне қатысы бар ұйымдар мен муниципалитеттерге бағытталған. Сондай-ақ бұл топ Германия, Швеция және Швейцарияда да кибершабуылдар жасаған.

Негізгі күдіктілер – Ресейде

Германияның тергеу органдары Ресейде тұратын алты адамға тұтқынға алу жөнінде ордер берді. Екеуі топтың басшылары саналады. Еурополдың "Еуропаның ең іздеудегі қылмыскерлері" тізімінде олардың бесеуі көрсетілген. Франция мен Испанияда тағы екі күдікті ұсталған. Операцияға АҚШ-тың ФБР-і де қатысқан.

Жасөспірімдерді алдап тартқан

Хакерлер өздеріне қолдау білдірген шамамен 4 мың адамды DDoS-қа тарту үшін арнайы зиянды бағдарламалар таратқан. Олар шабуылдарға қосылған адамдарға криптовалюта арқылы төлем жасаған. Еуропол мәліметіне сүйенсек, топ мүшелері идеологиялық себептермен әрекет еткен және формалды кибербілімдері болмағанымен, автоматтандырылған шабуыл құралдарын пайдаланған.

Кибершабуылдарға қатысушыларға "геймификация" элементтері ұсынылған – виртуалды мәртебе беретін медальдар, рейтинг кестелері, арнайы лақап есімдер арқылы мотивация жасалған. Бұл – әсіресе жастарды тартуға бағытталған манипуляция.

"Басқыншылық соғысты қолдаған"

Тергеу нәтижесінде NoName057(16) ұйымының Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық саясатын қолдайтыны және соғыс басталғалы бері НАТО елдеріне қарсы жүздеген шабуыл ұйымдастырғаны анықталды.

Операцияны Еуроодақтың құқықтық органдары – Евроюст пен ұлттық тергеу қызметтері бірігіп жүргізген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды