SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Ерлан Мейрамханұлы Ермаханбетов тағайындалды.
Ерлан Ермаханбетов Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, экономикалық ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның жастармен жұмыс жасау бойынша маманы қызметінен бастаған, сонымен қатар, А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Оқу-клиникалық базасында жастар ісі бойынша сектормеңгерушісі қызметін атқарған.
2013-2015 жылдар аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының Мәдени-ағарту, Халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейінен бөлім басшысы болды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде.
2015-2016 жылдарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Баспасөз хатшысы лауазымында болған.
2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметтерін атқарған.
2019-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.
2021-2024 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.
Осы лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры қызметінде еңбек етті.
RUS