Перизат Қайраттың қорына Ерлан Қарин, Маулен Әшімбаев, Димаш Құдайберген ақша аударған

17.07.2025, 10:07
2648
Перизат Қайраттың қорына Ерлан Қарин, Маулен Әшімбаев, Димаш Құдайберген ақша аударған SMARTNEWS.KZ коллажы

Көпшілік оған сеніп тіпті өз еркімен ақша аударған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қазіргі таңда Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Оған қайырымдылыққа арналған шамамен 3,5 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр.

Тергеу барысында Бауыржан Байбек, БАӘ корольдік отбасының мүшелері, сондай-ақ Ерлан Қарин, Мәулен Әшімбаев, Димаш Құдайберген секілді танымал тұлғалармен байланысы болғаны айтылды.

Қор 2021 жылы құрылып, Перизат Қайрат оның негізін қалаушылардың бірі ретінде белсенді жұмыс істей бастады. Бір айдан соң ол Головкиннің қолғаптарын аукционда сатып, үш отбасыға пәтер кілтін табыстаған қайырымдылық кеш ұйымдастырған. Сол кеште 48 млн теңгеден астам қаражат жиналған, ал құрылыс компаниялары MM Group Stroy, GPark және SolarA – негізгі демеушілер ретінде танылды.

Сондай-ақ, Kaspi.kz – 620 млн теңге, Jusan Bank – 300 млн теңге, Стройконструкция – 200 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен. ForteBank пен НЗМ ата-аналары да өз еркімен қаражат аударған. Кейбір донорларға бұл "қысыммен ұсынылған" көмек болғаны туралы да мәлімет бар.

Қайраттың әлеуметтік желідегі белсенділігі оның жоғары шенді шенеуніктермен, әсіресе AMANAT партиясы, Астана әкімдігі және Ақордамен тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Ол Ерлан Қарин, Есет Байкен, Асхат Оралов және басқа да шенеуніктерге бірнеше рет алғыс білдірген.

2023–2024 жылдары Перизат Қайрат Газа мен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді кірісіп, миллиардтаған теңге қаржы жинағанын мәлімдеген. Тіпті, Еуропалық даму банкінен 1 млн доллар алдым деп жазған. Бірақ нақты есеп беру жағынан күмән көп.

Қазір сотта бұл қаражаттардың қалай жұмсалғаны, кімдермен байланыста болғаны анықталып жатыр. Перизат Қайраттың ел ішіндегі танымалдығы мен нетворкингі бизнеске оның қорына сеніп қаражат аударуға жеткілікті себеп болған. Алайда барлығы ақша жымқыру айыбымен аяқталды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады