20 трлн бюджет қаражатын кім қалай жұмсағаны белгілі болды – Тоқаев тексеріс нәтижесін тыңдады

17.07.2025, 12:56
1448
20 трлн бюджет қаражатын кім қалай жұмсағаны белгілі болды – Тоқаев тексеріс нәтижесін тыңдады SMARTNEWS.KZ коллажы

Әлихан Смайылов Тоқаевқа есеп берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесуде 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда.

Биылғы алты айда жалпы сомасы 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1 есе көп. Аудит аясында білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық даму, энергетика және жоғары спорт салаларындағы қаржы жұмсау тиімділігі тексерілді.

Тексеріс нәтижесінде 60-тан астам ұсыным мен 450-ге жуық міндетті орындау пункті әзірленіп, Үкімет пен тиісті мекемелерге жолданды. Сонымен қатар, 20 дерек құқық қорғау органдарына берілді.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен қолға алынған заңнамалық өзгерістер туралы да баяндады. Соның бірі – бұл органның бюджеттен тыс қорларды да тексеруге мүмкіндік алуы. Сондай-ақ Ұлттық қор қаражатына мониторинг жүргізетін комиссияның жұмысы қайта құрылып, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру көзделіп отыр.

Талқыланған маңызды бастамалардың қатарында: жылу беру маусымына дайындықты дұрыс жүргізбеген мекеме басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды барлық нарық субъектілеріне тарату бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіруді тапсырды. Ол бақылаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізу қажет екенін айтты. Сонымен қатар, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын азайтып, ұлттық ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)