ЮНИСЕФ дерегінше Газада күн сайын 28 бала қаза табады

17.07.2025, 13:57
638
ЮНИСЕФ дерегінше Газада күн сайын 28 бала қаза табады AP Photo

ЮНИСЕФ директоры гуманитарлық көмек алуға келген балаларды өлтірмеуге шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, гуманитарлық дағдарыс ушығып бара жатқан Газа секторында балалар жан түршігерлік қасірет шегіп отыр. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген ЮНИСЕФ атқарушы директоры Кэтрин Рассел мәлімдеді. Оның айтуынша, Израильдің әуе шабуылдары мен халықты күштеп көшіру салдарынан күн сайын кемі 28 бала қаза табуда.

«21 ай ішінде Газада 17 мыңнан астам бала қаза тапты, тағы 33 мыңы жараланды. Бұл – күн сайын бүтін бір сынып баланың өліміне тең», – деді Рассел. «Бұл балалар ешқандай қақтығысты бастаған жоқ, олар соғысқа қатыспайды. Бірақ олар күн сайын азық-түлік пен дәрі-дәрмек кезегінде тұрған жерінде оққа ұшады».

ЮНИСЕФ өкілі Газа тұрғындарының бәрі, әсіресе балалар, өмір бойына жазылмайтын психологиялық жарамен қалатынын ескертті.

«Әлем бұл балаларды сатып кетті. Біз оларды аман алып қала алмадық», – деді ол.

БҰҰ Гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Том Флетчер де соғыс салдарынан тамақ пен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі өршіп тұрғанын растады. Оның айтуынша, азық іздеп көшеге шыққан бейбіт тұрғындардың өзі оқ астында қалады.

Флетчердің сөзінше, Израиль – оккупациялық держава ретінде – Женева конвенциясы бойынша азық-түлік пен медициналық көмекті қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Израиль армиясының әрекеттерін халықаралық гуманитарлық құқық тұрғысынан қайта қарауға шақырды.

Израиль әскері 10 шілдеде Дейр әл-Балахтағы медициналық орталыққа жасалған әуе соққысы кезінде кемінде 10 баланың қаза тапқанын растап, оқиға "техникалық ақауға" байланысты болды деп мәлімдеді. Әскерилердің айтуынша, Исламдық Жихад қозғалысының өкіліне бағытталған соққы белгіленген нысанадан ондаған метрге ауытқыған.

Сәрсенбі күні Хан-Юнисте азық-түлік тарату кезінде толқу болып, кемі 20 адам қаза тапты. Газадағы гуманитарлық ұйымдар бұл қайғылы жағдайға ХАМАС ұйымын кінәлап, көпшілік арасында қарусыз бейбіт жиналысқа қару алып келуге тыйым салынбағанын айтып, алаңдаушылық білдірді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды