928

Ақтауда Land Cruiser Prado көлігі мүгедектігі бар адамдарды қағып кетті

Мүгедектігі бар жандар шағым түсіруден бас тартқан.

Ақтауда Land Cruiser Prado көлігі мүгедектігі бар адамдарды қағып кетті
әлеуметтік желі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 шілде күні сағат 18:00 шамасында Ақтаудың 3Б шағынауданындағы 16-үйдің маңында жол апаты болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Land Cruiser Prado жүргізушісі жол бойында жүрген арбадағы мүгедектігі бар адамдарды қағып кеткен.

Полиция мәліметінше, зардап шеккендер ешқандай шағым түсірмеген. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау ережесін бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 5 АЕК (шамамен 19 660 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Материал авторы