833

СҚО-да экс-әкімнің педофилия үшін өмір бойына сотталған ұлы бостандыққа шығу үшін арыз түсірді

Экс-әкімнің 30 жастағы ұлы Әділхан Сәкенов туған қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталған еді.

СҚО-да экс-әкімнің педофилия үшін өмір бойына сотталған ұлы бостандыққа шығу үшін арыз түсірді
instagram.com/qazmedia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облыстық соты 30 жастағы Әділхан Сәкеновтің шағымын қанағаттандырмай, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын күшінде қалдырды. Ол – СҚО Уәлиханов ауданының бұрынғы әкімі Қайрат Пшенбаевтың ұлы.

Әділхан Сәкенов былтыр маусымда қылмыстық қудалауға ілінген. Ол — жоғары білімі бар, «Солтүстік» ӘКК» АҚ-да бас маман болып жұмыс істеген, отбасын ресми түрде құрмаған. Тергеу барысында оның 9 жастағы туған қызына сексуалдық зорлық көрсеткені анықталды. Қылмыс кезінде үйде басқа ешкім болмаған.

Қыздың анасы жағдайды кездейсоқ білген — қызының телефонынан фото тауып алған.

Алғашқы сот сатысында Сәкеновке педофилия бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шықты. Бұл үкіммен келіспеген Сәкенов пен оның жақындары танымал адвокат Игорь Вранчевті жалдап, апелляцияға арызданды.

Қорғаушылар Қылмыстық-процессуалдық кодекстің бұзылғанын, сарапшылардың «біліксіздігін» алға тартып, тіпті қыз оқиғаны «өзі ұйымдастырды» деген мәлімдеме жасады. Адвокаттар қылмысты жеңілдетіп, оны «сексуалдық сипаттағы тиісу» бабына ауыстыруды және жаза ретінде қоғамдық жұмыстар немесе 50 күнге дейінгі қамау қолдануды сұрады.

Сәкенов кінәсін мойындамады. Сотта ол бұл әрекетін «әкелік мейірімді ерекше жолмен білдіру» деп ақталуға тырысты.

Алайда облыстық сот бұл уәждерді негізсіз деп танып, алғашқы үкімді күшінде қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.

Сәкенов моральдық залал ретінде 3 млн теңге, ал жәбірленуші өкілінің қызметі үшін 1 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, оның әкесі Қайрат Пшенбаев — СҚО-дағы белгілі шенеунік. Бұрын аудан әкімі, еңбек инспекторы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. Қазір «Ауыл» партиясының өңірлік филиалын басқарады.

Материал авторы