SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы атышулы Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысында «су тасқынынан зардап шеккендерге» арналған қаражаттың жұмсалуына қатысты жәбірленуші тараптардың өкілдері жауап беруді жалғастыруда. Кезекті рет NIS (НЗМ) — Назарбаев зияткерлік мектебі атынан жиналған ақша мәселесі көтерілді.
Бұл жолы Жанерке Сатқынбекова, НЗМ педагогы, ата-аналар ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған 2,9 миллион теңгенің Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына аударылғанын айтты. Ол Kaspi қосымшасындағы сілтеме арқылы ақшаны Перизат Қайрат басқаратын қорға жіберген.
Сот отырысында Перизат Қайрат өзі сұрақ қоюға көшкенде, Сатқынбековадан «Неге арыз жаздың?», «Сенің ақшаң нақты ұрланды деген қандай дәлелің бар?» деп, агрессивті түрде жауап талап етті.
Сатқынбекова:
«Дәлел жоқ болса да, жоққа шығарылған да жоқ. Сол үшін ақиқатты білгіміз келеді. Мұғалімдер мен оқушылар түнде отырып бәліш пісіріп, қолдан бұйым жасап, ақша жинады. Үшеу күн ұйықтамай дайындалдық. Бәріміз жаздық, мен де жаздым. Бәріміздің үмітіміз сотта».
Перизат Қайрат болса:
«Біз де үлкен жұмыс атқардық. Ақшаңыз діттеген жеріне жетті. Бірақ арыз жазу үшін нақты фактің болуы керек».
Сатқынбекова соңында:
«Онда сотта дәлелдеңіз. Егер шынымен көмекке жұмсалса, құжатпен көрсетіңіз», — деп жауап қатты.
Эмоциясы шығып кеткен педагог Zoom-дағы сеансты аяқтар алдында:
«Сұмдық!» — деп кетті.
Судья бұл сөзталасты тоқтатып, куәні видеобайланыстан шығарып тастады.
Айта кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева ірі көлемде алаяқтық жасады, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырды деген айыппен жауапқа тартылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, қор есебінен алынған қаражатқа олар элиталық үйлер, люкс көліктер, зергерлік бұйымдар мен бренд киімдер сатып алған.
RUS