1325

Ресей Украинаға 1000 жауынгердің мәйітін қайтарып, ал өзіне 19 солдаттың денесін алды

Зеленский Ресей өзге ұлт азаматтарының мәйітін де беріп жіберді дейді.

Ресей Украинаға 1000 жауынгердің мәйітін қайтарып, ал өзіне 19 солдаттың денесін алды
Thomas Peter / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей мен Украина тағы да қаза тапқан әскерилердің мәйіттерімен алмасты. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі әрі Стамбұлдағы келіссөздердегі делегация жетекшісі Владимир Мединский мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мәскеу Киевке 1000 украиналық сарбаздың денесін қайтарған. Ал Украина Ресейге 19 әскери қызметкердің мәйітін тапсырған.

Украин тарапы бұл алмасуға қатысты әзірге ешқандай ресми ақпарат жарияламады.

Бұған дейін Ыстамбұлда 2 маусымда өткен келіссөздер барысында екі тарап ауыр жараланған сарбаздарды, сондай-ақ 25 жасқа дейінгі тұтқындарды алмастыруға және 6000 әскери мәйітті бір-біріне қайтаруға уағдаласқан еді.

16 маусымда Мединский Ресейдің Украинаға 6060 қаза тапқан украин жауынгерінің денесін қайтарғанын мәлімдеді. Украина сол кезде 78 ресейлік сарбаздың мәйітін тапсырған. Ресей тарапы әлі де Киевке 3000-ға жуық украин сарбазының денесін беруге дайын екенін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей кейбір жағдайларда украин сарбазы ретінде басқа ел азаматтарының мәйітін де берген.

Материал авторы