«Ауыз толтырып айтар күнге де жеттік...»: Қыдырәлі Болманов қиын сәтті басынан өткізгенін жеткізді
Продюсер өнер жолында қандай жұмыс атқарғанын еске алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, продюсер өнер жолында қандай кезеңді бастан өткергенін айтты.
Өнер иесі өткен шақты еске алып, жақында Витебск қаласында өткен «Славян базары – 2025» халықаралық балалар байқауында Қазақстан атынан қатысқан жас өнерпаз Мирас Нағашыбай 1-орынды иеленгенін мақтанышпен жеткізді.
"Тәуелсіздік алған 1991 жылы халықаралық эстрадалық “Азия дауысы” конкурсында домбырамен шығайын дегенімде “Не формат” деп, біраз қарсылықтар болды басында. Домбыра - рухани ұлттық дүние, шығайын деп тұрған сахнам - эстрада жанры. Бәрімен дауласып, айтқанымнан қайтпай жүріп, термені де, күйді де, домбыраны да эстрада форматына үйлестіріп, қиыннан қиыстырып неше түрлі әдістер, амалдар жасап, Құдайға шүкір, жеттік-ау…. 100-пайыз қазақша шоу-бизнес. 7 жыл бұрын домбыра күні де пайда болды. 2 жыл бұрын Ұлытау облысы деп ауыз толтырып айтар күнге де жеттік, Құдайға шүкір! Күрделі мақсаттарыма аман-есен жеткізген, ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын! 2025 жылы Алматы «Қарақат» мектеп студиясының шәкірті Мирас баламыз халықаралық “Славян базары” конкурсында Ақтанбердінің термесін орындап, 1-орынды жеңіп алды және қазақ мультфильмінен дәстүрлі термені, өзінің ана тілінде шебер орындағаны үшін арнайы жалғыз “премия” тапсырылғаны және оған бүгін 13 жасар Мирасымыздың жеткені менің жеткенім емес пе?" - деді әнші.