Перизат Қайрат сотында қорға ақша аударған үш жәбірленуші сотқа келмеді

18.07.2025, 14:41
421
Перизат Қайрат сотында қорға ақша аударған үш жәбірленуші сотқа келмеді 01pk

Астанада Biz birgemiz қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі, волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысында куәгерлерден жауап алу процесі жалғасып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,бүгінгі екі жәбірленуші және бір жәбірленуші тараптың өкілі сот отырысына келмеді.

Прокурор Мәдина Оразалина жәбірленушілердің тергеу кезінде алынған жауаптарын оқып берді. Оның айтуынша, жәбірленуші Жәлелов, Бұхарбаев және Курмаеваның орналасқан жерін анықтау және байланыс орнату бойынша жедел шара нәтиже бермеген. Қызметкерлер көрсетілген мекенжайға барып, ұялы телефон арқылы хабарласуға және жақын туыстары арқылы байланысуға тырысқан, бірақ, нәтиже болмаған. 

— Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел уәкілі рапорт жасады, — деді прокурор сот залында.

Жарияланған жауапқа сәйкес, «Aneko L» ЖШС 3 млн теңге аударған. Бұл аударым келісімшарттық міндеттемесіз жасалған. Жауапта көрсетілгендей, Перизат Қайрат жетекшілік еткен қор туралы әлеуметтік желілерде белсенді жарнама жүргендіктен, компания басшылығы қаражатты су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде сол қорға жіберуді ұйғарған.
Тағы бір жәбірленуші Манарбек Бұхарбаев жауабында 2024 жылдың сәуір айының басында әлеуметтік желі арқылы «Biz Birgemiz Kazakhstan 2030» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинап жатқанын білгенін айтты. Ол басқаратын Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаментінің атынан 231 500 теңге аударған. Аталған сома департамент қызметкерлерінен қайырымдылық мақсатында жиналған. Жауапта көрсетілгендей, қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы ешқандай есеп алмаған.

Прокурор мәлімдегендей, тағы бір жәбірленуші Наталья Курмаева Перизат Қайрат басқарған қордың есепшотына өз қалтасынан 60 мың теңге аударған. Ол қор өкілдерін танымаған, тек банк қосымшасында қор атауы тұрғандықтан сенім артқан.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды