1082

«Биг Шанхай» базарындағы өрт: 3 елордалық құтқарушы жарақат алды

Өткен түнде Астанада «Биг Шанхай» базары аумағындағы ғимараттардың бірі өртеніп кетті.

«Биг Шанхай» базарындағы өрт: 3 елордалық құтқарушы жарақат алды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Алтынбековтың айтуынша, алғашқы бөлімдер келген кезде өрт ғимараттың үш қабатын түгел шарпып үлгерген.

— Тепловизор мәліметтері бойынша сыртқы қабырғалардың температурасы 800 градустан асқан. Ішінде не болғанын елестетіңіз. Құрылымдардың опырылуы және өртті сөндіру барысында үш қызметкеріміз жарақат алды. Олардың біреуі бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды, — деді Қанат Алтынбеков.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылды.