SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді.
- Қылмыстық-процестік кодекстің 387–390, 393, 395–398, 401–402-і баптарын басшылыққа ала отырып, сот Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлын Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1) тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деген үкім шығарды судья Артур Абдыханов.
RUS