Абай облысында 8 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге қамалды
Абай облысы Жарма ауданында 8 жасар қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұл туралы сот ісі облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
- М. есімді азаматқа кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша айып тағылған. 2024 жылдың тамыз айында Шар қаласында болды. Сол кезде қыз 8 жаста еді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Сот шешімімен сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.