"Түрмеден шыққаннан кейін де қалай ақша табуды біледі": Психолог Перизат Қайрат туралы тың ақпараттар айтты
Өзін цифрлы психолог деп таныстыратын Гүлжан Ким есімді блогер Перизат Қайратқа талдау жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол Перизат Қайраттың туған күніне, өміріндегі сандарға қарап, тұлғалық қасиеттерін айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы жазды.
Психологтың сөзіне сенсек, Перизат Қайрат секілді адамдарға сенуге болмайды.
«Перизат Қайратты барлықтарыңыз танитын шығарсыздар. Бүгін сол қыз жайлы талдау жасағым келіп тұр. Негізі Перизат өзі кармалық адам болып туылған. Бұның жаман кармалары өте көп. Бұл өмірге не үшін келді? Жаман іспен айналысу үшін емес, бұрын жасаған жаман, қиянаты істеріне жауап беру үшін келді. Бірақ, мұндай кармалық адамдар өздерінің кармасын тазалаудың орнына, одан сайын ушықтырып алады. Біреулердің көмек ретінде жіберген сондай қомақты ақшасын алып, былай да былай қыдырған. Бұл жерде не себеп? Біріншіден, 5 күні туылған. Бұл күні туылған адамдар ақшаны, байлықты өте қатты жақсы көреді. Ақша үшін бәріне барады. Бірақ, ол адамдар рухани жағынан дамымай, ақшаға баспен кететін болса, ешкімге жаны ашымай, ақшаны жаман жолмен тауып, өздерінің кармаларын ушықтыра береді. Одан кейін логикасында екі бестігі бар. Ондай адамдар ақылды, ақшаны қалай табуды біледі, аш қалмайды. Перизат түрмеден шыққанның өзінде де ол ақша табудың жолын біледі. Санында екі, үш бестігі бар адамдар кез келген тесіктен ақша жасауды біледі. Оның кармалық сандарында өткен өмірінде өзінің тегіне, халқына сатқындық жасағаны көрініп тұр. Ол өткен өмірінде жасаған күнәларын бұл өмірде жасамау керек еді. Бірақ ол қайтадан қайталады. Ауырып жатқан балалардың, су тасқынынан далада қалған адамдардың ақшасын жеген. Адам қиянат жасаған кезде ол сатқындық ретінде есептеледі. Ол барлық жерден пайда көретін адам. Еш жерде ештеңені тегін жасамайды. Зиянды заттарға тәуелділігі де болу мүмкін. Темекі шегетін шығар немесе алкогольді жиі ішкен шығар. Бұрынғы өмірде ол онсыз да түрмеде отырып шыққан. Осы өмірде қайтадан сол қателіктерді қайталап жатыр. Оның талдауында -1 шығып тұр. Ол — интрига, алдау, өсек, істі болу. Себебі, халықтың ақшасын жеген адам бәрібір алысқа бармайды», — дейді ол.