543

Бұл – кек алу емес, әділдік: Карина Мамаш соттан кейін өз ойын білдірді

Сондай-ақ ол барлық қазақстандыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Бұл – кек алу емес, әділдік: Карина Мамаш соттан кейін өз ойын білдірді
«Nukte» каналы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, күйеуінен жылдар бойы азап көріп, таяқ жеп келген экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі Карина Мамаш сот үкімінен кейін БАҚ өкілдеріне түсінік берді. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді. 

- Маған қазір қиын, ол соңына дейін кінәсін мойындамады, үнемі манипуляция жасап, жылдар бойы қысым көрсетіп келді. Бұл – кек алу емес, әділдік. Ол бәрін сезіп отыр деп үміттенемін, санасына жетеді деп сенемін. Мен оған ескерткенде, ол маған күлетін, - деп Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне үкім шыққаннан кейінгі әсерін жеткізді.

Сондай-ақ ол барлық қазақстандыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

- Барлық бұқаралық ақпарат құралына рақмет. Мен бәрін көріп, оқып отырмын. Басымнан өткен жайтты сөзбен жеткізу қиын. Мен әлі көп нәрсені жарияламадым. Ешқашан зорлық-зомбылыққа төзбеңіздер. Егер сізді шынымен жақсы көрсе, онда ұрмайды. Қауіптен қашыңыз, көмекке шақырыңыз. Әділдік түбі орнайды, - дейді ол.