379

Жыл басынан бері 79 қазақстандық бүйрегін алмастырған

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында жыл басынан бері ел аумағында 141 ағза алмастыру отасы жасалғанын мәлім етті.

Жыл басынан бері 79 қазақстандық бүйрегін алмастырған
канва

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутаттық сауал бүйректі ауыр сырқатына қарсы ем шараларының тиімділігін жүйелі стратегиялық қадамдармен жетілдіру, бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін факторлардың алдын алу мәселелері қамтылған. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді. 

- Жыл басынан бері 141 ағза трансплантациясы жүргізілді, оның ішінде 79 – бүйрек. Маусым айындағы жағдай бойынша қайтыс болған донордан 24 трансплантация жасалды, оның ішінде 11 – бүйрек, - деп жазады бірінші вице-министр.

Оның мәліметі бойынша, былтыр «бүйрек функциясының жеткіліксіздігі» N17-19 диагнозының 5619 жағдайы жаңадан тіркелген.

- Заңнама арқылы реттеу үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ сау адамдардың ағзасында қант диабетінің дамуын болдырмау үшін құрамында қант бар сусындарға салық салу мәселесі пысықталып жатыр, - деп жазады Тимур Сұлтанғазиев.