565

Жағажайда көлігімен су кешіп, «шоу» жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Семейде Range Rover көлігінің жүргізушісі жағажайдағы суды кешіп өтіп, «шоу» жасаған.

Жағажайда көлігімен су кешіп, «шоу» жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарады.

Көп ұзамай тәртіп бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.

– Полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзбауға, әсіресе, халық демалатын орындарда, қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді, - делінген хабарламада.