642

Алты жылға сотталған Сәкен Мамаш дипломат дәрежесінен айырылды

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-дипломат Сәкен Мамашқа үкім шықты.

Алты жылға сотталған Сәкен Мамаш дипломат дәрежесінен айырылды
@Saken.mamash

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куә, айғақтарымен, сараптамалық қорытынды, бейнежазбалар, скриншот және өзге де іс материалдарымен дәлелденді

- Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, Сәкен Мамаш 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесінен айырылды, - деді судья Артур Абдыханов үкімді оқи тұрып.

Үкімде айтылғандай, жәбірленуші тарап С.Мамашты 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ сотталушы кінәсін мойындамады. Осы орайда қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.