Басшылық қызметте істеген жүкті әйелді зорлап, өлтіріп кеткен сантехниктің соты басталды

19.07.2025, 10:15
3644
Басшылық қызметте істеген жүкті әйелді зорлап, өлтіріп кеткен сантехниктің соты басталды SMARTNEWS.KZ коллажы

Атыраудағы элиталы тұрғын үй кешенінде Бибігүл Шпанованы тонап, жүкті күйінде зорлап артынша өлтіріп кеткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудағы резонанс тудырған іске қатысты сот басталды.

Атырауда элиталы тұрғын үй кешенінде қаза тапқан әйелдің жүкті болғаны анықталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты, танымал заңгер Нұрлан Жолболов мәлімдеді. Айыпталушыға Қазақстан Қылмыстық кодексінің бес бірдей бабы бойынша ауыр айыптар тағылып отыр. Олардың ішінде жүкті әйелді зорлау және аса қатыгездікпен кісі өлтіру деректері бар.

Қылмыстық істің басты фигуранты – 37 жастағы Арман Жетпісов. Ол 46 жастағы мұнай саласында жұмыс істеген менеджер Бибігүл Шпанованы өлтірді деген күдікке ілінді. Сот процесі жабық режимде өтуде, себебі іс қоғамда үлкен резонанс тудырған әрі оның құрамында моральдық тұрғыда өте ауыр жайттар қамтылған.

Айыпталушы бұған дейін сантехник ретінде жәбірленушінің үйіне жөндеу жұмыстары үшін бірнеше рет кіріп жүрген. Қайғылы оқиға орын алған күні ол есігі ашық тұрған пәтерге қайта кіріп, әйелге тұтқиылдан шабуыл жасаған. Жетпісов оған бірнеше рет пышақ салып, зорлап, кейін марқұмның көлігін ұрлап, ізін жасырмақ болған.

Бірақ күдікті көп ұзамай Маңғыстау облысында жол апатына ұшырап, сол жерде қолға түсті.

Адвокат Жолболовтың айтуынша, Шпановтар отбасы айыпталушыны ең жоғары жазаға тартуды талап етуде – бұл 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру.

«Біз жәбірленуші тараптың ұстанымын сотта нақты жеткіздік. Егер сот оның кінәсін дәлелдесе, тек ең қатаң жаза қолданылуы керек. Іс алқабилерсіз, кәсіби судьямен қаралып жатыр. Судья тәжірибелі, сондықтан екі апта ішінде шешім шығарылады деп ойлаймын», – деді адвокат.

Айыптар тізбесі:

Алаяқтық (ҚК 190-бап, 1-бөлік)

Жүкті әйелді зорлау (120-бап, 2-бөлік, 2-тармақ)

Ірі көлемдегі ұрлық (188-бап, 3-бөлік, 3-тармақ)

Көлікті заңсыз иемдену (200-бап, 1-бөлік)

Жүкті әйелге қатысты аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру (99-бап, 2-тармақ, 4, 5, 8, 10-бөлік)

Еске сала кетейік, Бибігүл Шпанованың денесі 2025 жылғы 29 сәуірде өз пәтерінен табылған. Сараптама қорытындысы оның зорлықпен өлтірілгенін растаған.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті