Қазақстандық ұшқыш Жолдаш Жандаровтың сүйегі Ресейден табылды

19.07.2025, 12:51
1023
Қазақстандық ұшқыш Жолдаш Жандаровтың сүйегі Ресейден табылды Юлия Власова / Новый Калининград

Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде жоғалып кеткен ұшқышымыз табылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери ұшқыштың сүйегі 80 жылдан соң табылды. Бұл туралы «Новый Калининград» басылымы жазды.

2025 жылғы шілденің ортасында Ресейдің Калининград облысындағы «Совесть» іздеу жасағы 1945 жылдың 4 наурызында әуеде атып түсірілген Ил-2 штурмовигінің қалдықтарын тапты. Әуе шайқасы Шығыс Пруссия аумағында болған.

Ұшақ ішінен екі экипаж мүшесінің — ұшқыш Павел Смирнов пен борт атқыш Жолдаш Жандаровтың (мақалада "Юлдаш Жандаров" деп көрсетілген) сүйектері табылған. Жандаров — қазіргі Түркістан облысы, Созақ ауданының тумасы.

Мәлімет бойынша, Смирнов пен Жандаров 136-гвардиялық шабуылдаушы авиация полкінің құрамында болған. 1945 жылы олар жауынгерлік тапсырма орындау кезінде, 12 неміс жойғышымен шайқасқа түскен 17 кеңес ұшағының екеуі атып түсірілген сәтте қаза тапқан.

Айта кетейік, ұшқыштардың жеке заттарының кейбірі — соның ішінде комсомол билеті мен Жандаровтың Қызыл Армия жауынгері куәлігі — 1980-жылдары-ақ табылған еді. Алайда тек 2025 жылдың шілдесінде олардың сүйектерін толықтай жерден қазып алу мүмкін болды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды