1519

Желіде Перизат Қайратқа жасалған пародия қызу талқылануда (ВИДЕО)

Жұрт Перизат Қайраттың оқиғасы Голливудты жаулайды дейді.

Желіде Перизат Қайратқа жасалған пародия қызу талқылануда (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Перизат Қайраттың жасанды интеллект көмегімен жасалған сатиралық пародиясы тарап жатыр. Видео ЖИ-генерацияланған қалай байлыққа жеткенін әңгімелеген кейіпкер туралы.

"Уолл-стрит қасқыры. ЖИ арқылы жасалған сатиралық трейлер. Кез келген сәйкестік – кездейсоқ" деген сипаттамамен видеоны Instagram желісіндегі @arma_mvp лақап атты қолданушы жариялаған.

Пікір білдірушілердің айтуынша, Перизат Қайраттың іс-әрекеті еліміздегі қайырымдылыққа деген сенімді шайқалтқан.

«Бұл оқиға негізінде Netflix сериал түсірер еді», «Қасқыр емес, түлкі», «Анна Делвиден де асып түсті» деген сарындағы пікірлер көп.

Еске сала кетсек, Перизат Қайрат 2023 жылдың қарашасында аса ірі көлемде жиналған қайырымдылық қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. 1,5 млрд теңгеден астам сома көктемгі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған. Сот оның Biz Birgemiz қорының қызметін тоқтатты. Кейіннен Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру» баптары бойынша айып тағылды. Артынша Қаржы мониторингі агенттігі тергеудің аяқталғанын растады, ал іс прокуратураға жолданды. Қазір сот отырысы жалғасып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор