«Тым көп жұмыс істейді»: Еңбекқор шенеуніктерді жұмыстан «қуудың» жаңа тәсілі табылды

Азиз Қалижан Редактор
19.07.2025, 17:39
982
«Тым көп жұмыс істейді»: Еңбекқор шенеуніктерді жұмыстан «қуудың» жаңа тәсілі табылды SMARTNEWS.KZ / ChatGPTнейрожелісі өңдеген

Енді шенеуніктер жарықсыз отырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істеу мәселесі күн тәртібіне шықты. Жергілікті Әдеп кеңесі мемлекеттік қызметшілерді кешке дейін кеңседе отырудан қорғаудың жаңа әдісін ұсынды: кеңсе жарығын өшіріп тастау.

Кеңесте облыстық басқарма басшылары сөз алып, өз бөлімдерінде қызметкерлерді кешкі уақыттан кейін жұмысқа қалдырмайтынын мәлімдеді.

«Сағат 18:30-да бәрі жұмыстан шығады. Ешкімді мәжбүрлеп ұстамаймыз. Егер біреу кешке қалса немесе демалыс күні келсе, ол арнайы бұйрықпен, қосымша төлеммен ғана болады», — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрола Ғалеев.

Алайда кейбір кеңес мүшелері бұл мәлімдемелерге күмәнмен қарады. Олар «жұмыс көп бөлімдерде шенеуніктердің кешке дейін отыруы әдетке айналған» деп есептейді.

Кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов мемлекеттік қызметкердің жұмыс уақытынан тыс кеңседе қалуы заңмен рәсімделуі тиіс екенін ескертті.

«Иә, әкімдіктен немесе әкімнің өзінен шұғыл тапсырмалар болады, баяндамалар дайындалады – бәрін түсінеміз. Бірақ бұл күнде қайталанатын дүние емес. Егер кешке жұмыс істесе – бұйрық болуы керек, еңбек ақы қосылуы тиіс. Ал бізде: «жұмыс болса, отыр» деген тәртіп қалған», — деді ол.

Жарты жылдың ішінде жүргізілген тексеріс барысында ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, экономика, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар басқармаларында 37 рет артық жұмыс істеу дерегі анықталған.

«Барлығы кешке дейін жұмыста отырады. Бізге үнемі хабар түсіп тұрады. Бірақ бақылау өте әлсіз. Сондықтан ауқымды рейд жүргіземіз. Өзім де індетіп, инкогнито түрде бірнеше рет бармақпын. Бір орынға бірнеше рет қатарынан, ескертусіз кіреміз. Сонда ғана шынайы жағдайды көреміз», — деді Қарымсақов.

Оның айтуынша, артық жұмыс мемлекеттік қызметте қалыпты нәрсе ретінде қабылданып кеткен.

«Бұл туралы айтсақ, қызметкерлердің өзі «Не айтып отырсыздар?» деп күліп отырады. Сосын отыра береді. Ал біз келгенде сылтау айтады: «Машина күтіп отырмын, қағаз толтырып жатырмын» дейді. Бірақ бұл – жұмыс қой. Біз: «18:30 – сигнал, 15 минут ішінде жиналып, кету керек» деп ескертеміз. Ал олар 22:00–23:00-ге дейін жарық жағып отырады. Мұның қашан аяқталары белгісіз», — деді кеңес төрағасы.

Кеңес мүшелері бұған жауап ретінде шенеуніктердің кеңсесінде кешкі уақытта жарықты автоматты түрде сөндіру жүйесін енгізу қажет екенін айтты. Сонымен қатар олар «бастық отырса, бәрі отырады» деген бейресми тәртіпті де сынға алды.

«Бізге бірде-бір қызметкер «басшым кеткен жоқ, сондықтан мен де отырмын» деп жазбайды. Керісінше, «өз жұмысым, қағаз бітпеді» деп жазады. Егер біреу нақты басшыны көрсетсе, біз сол басшыға қатысты шара қолданамыз», — деді Ержан Қарымсақов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды