2152

«Қызылк*т бәлеге жолама»: Ермұрат Бәпи қыздарын шетел азаматына күйеуге бергенін айтты

Біреуі француз, біреуі жаңа зеландиялық, күйеу балаларыммен мақтанамын дейді ол.

«Қызылк*т бәлеге жолама»: Ермұрат Бәпи қыздарын шетел азаматына күйеуге бергенін айтты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи саясаттағы жолы туыстарына залал келтіргенін жеткізді. Ол қарындастары мен бауырларын қызметке орналастырмағанын айтты. Ал қыздарын Бәпидің қызы деп күйеуге алмаған кезі де болғанын еске алды.

«Қыздарымның жолын кескен кезім болды. Жігітпен жүреді, қыдырады. Сол уақытта жігіттің ата-анасы қыздарымның әкесін сұрағанда, «Ойбай, ол қызылк*т бәлеге жолама» деп айтатын. Екі қызымның тағдыры солай болды. Біреуі жылап шетелге кетті. Қыздарым кейіннен өз орнын тапты. Кейде өкініштер болады. Қызметімнің қарындастарыма да кері әсері болды. Олардың маңдайынан сипап, өзімнің кесірімді тигізсем, ағалық мейіріммен жібіткім келеді. Оларға бөліп беретін ештеңем де жоқ қой», – дейді ол.

Депутат қазір балалары шетелде екенін айтты. Олардың басқалар секілді емес, қазақ тілінде сөйлейтінін, жалпы қазақша сауатты жазатынын айтып мақтады.

«Балаларым біреуі Америкада, біреуі Жаңа Зеландияда, біреуі Францияда, біреуі Манчестерде оқып жатыр, біреуі Германияда. Хабарлама жазғанда олардың грамматикасына дейін таңғаламын. Шылау мен жалғауды бөліп жазады. Үтір-нүктесіне дейін қатесіз жазады. Балаларым қазақ тілін жетік білетіні үшін мен қоғам алдында, ұлт алдында мақтана аламын», – дейді ол.

Сондай-ақ Ермұрат Бәпи құдалары қазақ емес екенін айтты. Оның бір қызы французға, бірі жаңа зеландиялық азаматқа тұрмысқа шыққан.

«Қыздарым шетелде ұзақ оқыды. Келді. Келгенмен, бұл жаққа сіңісе алмады. Өздерінің теңін таба алмады. Тұрмысқа шыға алмады. Қызым жылап келді, «Папа, мен Америкаға қайтамын» деп.

Ал мен оны Америкадан алдырып алған едім. Жолдас жігіттің компаниясына кіргіздім, табысы тәуір болатын. Бірақ махаббаттан екі рет шалыс басты. Солай маған келіп, қайтамын деп жылады.

Менің, әрине, кінәратым бар. Өзге ұлтқа күйеуге бердім. Сол жақта 12-13 жыл тұрды, ғашық болды шетел жігітіне. Бір мақтанамтыным, күйеу балаларым қазақи көшпенділер. Өздері ізденіп зерттеген. Жиендерім қазақи. Біреуі француз, біреуі жаңа зеландиялық. Қыздарым арқылы күйеу балаларыммен сөйлесемін», – дейді ол.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор