568

Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығымен бөлісті

Белгілі журналист Руслан Өтепбай тың бастамамен бөлісіп, елге қуанышты жаңалығын жеткізді, деп жазады Smartnews басылымы.

Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығымен бөлісті
Бейнежазбадан

Ол аз уақыттың ішінде өзіне сенімді команда жинап, жаңа жобаға кіріскенін хабарлады.

«Аз уақыттың ішінде команда жинап, жаңа жобаға кірісіп кеттік. Алла тілеуімізді берсін. Бұл жұлдыздарға толы шоу емес, әлеуметтік проблемаларды көтеретін алаң болады деген сенімім мол», – деп жазды журналист.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, бұл – шоу-бизнеске емес, шынайы өмірге, халықты толғандырған түйткілдерге бет бұрған жоба болмақ. 

Журналист жаңа бастамасының қоғамда серпін тудыратынына сенім білдірді.