SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұзылған тағамды тұтынғаннан кейін ішек қабынуына ұшырады. Бұл туралы Үкімет басшысының кеңсесі ресми мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, Нетаньяху 20 шілдеге қараған түні өзін жайсыз сезіне бастаған. Қазіргі таңда оның жағдайы бірқалыпты деп бағалануда. Дәрігерлер премьер-министрге ағзасындағы сұйықтықты қалпына келтіру үшін көктамыр арқылы ем жүргізіп жатыр. Алдағы үш күн ішінде ол жұмысын үйден жалғастырады.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында Биньямин Нетаньяхуға қуық асты безін алып тастауға ота жасалған болатын. Сол кезеңде премьердің міндетін Израильдің әділет министрі Ярив Левин уақытша атқарған.
RUS