Атырауда балалар жаппай уланған аквапарк иесі үйқамаққа алынды

21.07.2025, 09:42
489
Атырауда балалар жаппай уланған аквапарк иесі үйқамаққа алынды Droid5 / Freepik

Жекеменшік бассейнде шомылғаннан кейін балалар уланып қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда шілде басында балалар жаппай уланған жекеменшік бассейннің иесі үйқамаққа алынды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

«Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолданылды», — делінген ресми мәліметте.

Оқиға қаладағы танымал демалыс орындарының бірінде болған. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, бассейнде шомылғаннан кейін 15-тен астам адам уланып, оның ішінде 13-і — бала. Үшеуі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен.

Куәгерлердің айтуынша, бассейн ішіндегі хлор иісі кенет күшейіп, су түсі өзгерген. Сол сәтте балалар жөтеліп, есінен танып, талып құлаған. Қорыққан ата-аналар шұғыл түрде балаларын шығарып, жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала болжам бойынша, улануға хлор реагенттерін мөлшерден тыс қолдану себеп болуы мүмкін. Нысан иесі техникалық ақау болғанын мойындады. Оқиғадан кейін бассейн уақытша жабылып, прокуратура мен төтенше жағдайлар қызметі тексеріс бастаған.

Тергеу жалғасуда. Ол аяқталғанға дейін аквапарк басшысы үйқамақта болады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады